"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

2024 жылғы 2 сәуірдегі

№ 72

 

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2024 жылғы«»
№ ___бұйрығына № 1 қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығымен бекітілген

 

 

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының
7-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 44-бабының
5-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);

2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) («Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог;

3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);

4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;

5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;

6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;

7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;

8) біліктілік санаты – «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының
2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен  бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;

9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі;

11) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган.

3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы
3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

 

 

 

2-параграф.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

40. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.

Аттестаттаудан өту үшін педагог осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

41. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.

42. Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Құжаттарды портал арқылы қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберген кезде бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

Өтініш портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Негізгі талаптар тізбесінде қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған  кезде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

43. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы
2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Осы Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына,
23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

44. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады. 

Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шағымдалған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.

Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

Көрсетілетін қызметтіберушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының
5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогтерді

аттестаттаудан өткізу

қағидалары мен шарттарына

8-қосымша

                                                                                                    

                                                                                                     Нысан

                                                                         

«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі

 

«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың бөлімдері, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;

2) портал арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

6

ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілген қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

көрсетілген қызмет берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоспағанда сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы диплом;

4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;

6) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

7) ПББ өткендігі туралы сертификат;

8) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);

9) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;

10) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.

11) Эссе (250–300 сөз)

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;

3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.

Қызмет берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777, болған жағдайда порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.06.2024 00:09
Құрылған күні: 14.06.2024 00:09

Текст