"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025-2026 оқу жылының педагогикалық кеңесі

28.08.2025

2025 жылдың 25 тамыз күні №11 мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Білім беру саясатының басымдықтары және оқу үдерісін дамыту».
Педагогикалық кеңестің мақсаты – педагогтерді жаңа оқу жылындағы білім беруді дамытудың мақсаттары мен стратегиясымен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің басым бағыттарын айқындау және оларды 2025–2026 оқу жылында іске асырудың мүмкіндіктерін белгілеу.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Педагогикалық кеңесті ашу. Мектеп директорының алғы сөзі. Отырыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, күн тәртібін бекіту
2.Бейнероликті көру -Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі (15.08.2025)
-ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері
3. Білім беру ұйымы жұмысының жаңа оқу жылындағы басым бағыттары туралы «2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хатын, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларға шолу, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері,
Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары
Білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары, 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері, ЖИ этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық және ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттары, педагогтердің құқықтарын қорғау және кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру. 4. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы талқылау және бекіту:
мектеп оқушыларының тізімі (2025-2026 оқу жылына 1 және 10 сынып оқушыларын қабылдау)
- педагогтердің оқу жүктемесі (тарификация)
- сабақ кестесі
- мектепті дамыту жоспары
- педагогикалық кеңестің жұмыс жоспары
- әдістемелік кеңес жоспары
- "Ұстаз" платформасын қолдана отырып сабақтарды бақылауды қоса алғанда, мектепішілік бақылау жоспары
- әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары
-білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау ережелері;
-оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін ішкі мектеп құжаты
-педагогтердің біліктілігін арттырудың және аттестаттаудың перспективалық жоспары Заместитель директора по УВР Альберти Э.В.
5.Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы Нормалар мен ережелерді талқылау:
- санитарлық нормалардың сақталуы
- білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
-инклюзивті ортаны ұйымдастыру
- мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері
- мектептің жұмыс кестесі және басқалар
6. Дауыс беру, әрбір мәселе бойынша жеке шешім қабылдау

Просмотров: 88


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст