26.04.2026
Сәуір айының 24-і күні қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай 11 мектеп-гимназиясында тағылымды әрі әсерлі әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында қатысушылар ақынның жүрек тебірентер өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның терең ойға толы жырларынан үзінділер келтірді. Сонымен қатар, Мұқағали шығармашылығына арналған көріністер қойылып, әндері шырқалып, поэзия әлеміне саяхат жасалды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ақын мұрасын насихаттау, оның шығармалары арқылы адамгершілікке, отансүйгіштікке және рухани байлыққа тәрбиелеу болды. Кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ақын рухына тағзым етуге толы мазмұнды басқосу ретінде есте қалды.
