Текст
19.12.2022
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Бұл Іс-шараға 2-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау балалардың бойында көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген құрмет, мақтаныш сезімін ояту мақсатында өткізілді. Поэтикалық шығармалар Отанға, туған жерге, жақындарына деген сүйіспеншілікке арналған. Өткізілген іс-шара балаларды адамгершілікке, патриоттық және рухани тәрбиелеуге ықпал ететініне сенімдіміз.


