https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669
https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/
Мектеп - әрбір адамның жүрегінен ерекше орын алар тәтті сезім, елеулі естелік! Біздің мектебіміздің түлектері де ендігі жерде өз алтын ұя мектептерін осылай еске алатын болады. Білім мен ғылым, тәрбие мен тәлімді ту еткен аталған білім ордасынан биыл 33 түлек қанат қағып, үлкен өмірге қадам баспақ. Салтанатты жиын барысында мектеп-директоры Каримова Динара Мурзабулатқызы түлектерге алдағы емтихандарды сәтті тапсырып, болашақта армандаған маман иесі атануларына тілектестік білдірді. Бұл күні түлектер де сөз алып, ұстаздары мен ата-аналарына өз алғыстарын жеткізді. Өз кезегінде жас түлектер мектепке деген ыстық сезімдерін әсем ән, жалынды өлең жолдарымен жеткізді. Кеш соңында мектеп вальсі биленіп, соңғы қоңырау да соғылды. Үлкен өмірге қадам басқан түлектердің ендігі басты мақсаты -Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын үстем ету.