"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное Государственное учреждение «Школа - гимназия №11 города Кокшетау Отдела Образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100070769356669

https://www.instagram.com/school_11_kokshetau/

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Желтоқсан бос жұмыс орындары 2023 ж

"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 11 мектеп-гимназиясы" КММ
Пошталық мекенжайы: 020000 Көкшетау қ., Сәбит Мұқанов көшесі 4А
Телефон: 87162-77-15-16, 87162-77-10-53
Электрондық пошта: scool11-sergey@mail.ru
Бос және уақытша бос лауазымның атауы:
1. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту), 1 ставка
2. Математика мұғалімі (орыс тілінде оқыту) 1 ставка,
3. Музыка мұғалімі (екі тілде) 1 ставка.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- №11 МГ КММ жарғысына және ішкі еңбек тәртібінің қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес оқу процесін жүйелі ұйымдастыру және оған басшылық жасау.
Біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;
және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін.

Б 118. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша кемінде 90% шекті деңгейдегі сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English language teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, илиайлтс (IELTS) - 6,5 балл; немесеfl (TOEFL) (Internet Based Test (іВТ)) – 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең төменгі рұқсаты – 720 x 480 өтілі жоқ бейнепрезентация.
Назар аударыңыз! Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Жаңартылған күні: 30.12.2023 22:33
Құрылған күні: 30.12.2023 22:33

Текст